Пара алғаны үшін он жылға сотталған Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағанбетов соққыға жығылды, деп хабарлайды 31 арна.
Текетірес экс-шенеуніктің жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесінде болыпты. Бұл оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық іс облыстық прокуратураға тексеруге жіберіліпті.
«Бірақ құзырлы орган колония қызметкерлерінің бұл әрекеті жайлы жарытып жақ ашпай отыр. Сондықтан әзірге Серік Баймағанбетовты кім және не себепті соққыға жыққаны беймәлім», делінген телеарна сюжетінде.
Тек түзеу мекемесінің өкілдерімен сөйлесу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Кеден комитетінің төрағасы 2013 жылдың қаңтар айында ірі көлемде пара алды деген айыппен он жылға бас бостандығынан айырылған болатын.