$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде алаяқтық әрекетке барған адвокат пен оның әйелі сотталды

Ақтөбе қаласының №2 сотында аймақта аты шулы іске айналған алаяқтық фактісі бойынша ерлі-зайыпты И.Б.Дусмухамбетова мен Р.Е.Абдрахмановқа қатысты қылмыстық істің үкімі шықты, деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Іс материалына сәйкес, 2014 жылдың ақпан, наурыз айлары аралығында Ақтөбе қаласында И.Б.Дусмухамбетова өзінің жолдасы Р.Е.Абдрахманов екеуі алдын-ала сөз байласу арқылы алаяқтық жолмен тонау, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатымен алдап, сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленуші К.Есенгалиеваның 485 950 теңге ақшасын алған.

«Сот үкімімен И.Б. Дусмухамбетова және Р.Е.Абдрахманов кінәлі деп танылды. ҚР ҚК-нің 177 бабының 2 бөлімінің «а» тармағымен И.Б.Дусмухамбетоваға 2 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы, ал Р.Е.Абдрахмановқа 1 жыл 7 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары