Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотымен «Алматы-1» станциясындағы ЖІІБ бұрыңғы қызметкеріне ҚР Қылмыстық кодексінің 363-1-бабы 2-бөлімі «а» тармағымен үкім шығарылды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
2013 жылдың қазан айында «Алматы-1» станциясындағы ЖІІБ жедел уәкілі азамат Е., Жетісу теміржол станциясында жүк контейнерін комиссиялық ашу кезінде, ішіндегі жүктің ұрланғанына қарамастан, қылмысты қасақана тіркеуден жасырып, нәтижесінде «Арена S» ЖШС -не шамамен 5,8 млн. теңге материалдық залал келтірген.
Аталған қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурысының арнайы прокурорымен тергелді.
«Соттың үкімімен экс-полиция қызметкері 2 жылға бас бостандығынан айырылып, 2 жылға шартты сынау мерзімге, мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында лауазымдарға тағайындалу құқықтарынан 3 жылға дейін айырылды», делінген хабарламада.