$ 443.85  474.3  4.8

ШҚО-да ірі шенеунік парамен ұсталды (ВИДЕО)

ҚР ИДМ Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы пара алу кезінде қолға түсті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, департамент басшысы А.Закирянов өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жобалық құжаттарды мақұлдау үшін кәсіпкерлерден тұрақты түрде пара алып келген.

"2017 жылдың 12 сәуірінде 90 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде Закирянов ұсталып, Өскемендегі облыстық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына жабылды. Оның осы күнге дейін алған барлық парасының көлемі 2 миллион теңгеден асады", - делінген Бюроның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары