$ 498.34  519.72  4.85

Бағлан Майлыбаев 5 жылға сотталды

Астана  қаласы №2 Есіл аудандық соты Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихин ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

2017 жылғы 13 маусымда Астана  қаласы №2 Есіл аудандық соты ҚР ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігі, 185-бабының 3-бөлігімен қарастырылған қылмыстарды жасауда кінәсін мойындау туралы келісіммен сотқа келіп түскен Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихинге қатысты қылмысты істі қарады. 

Сот үкімімен Бағлан Майлыбаев  кінәлі деп танылды және оған мүлкі тәркілене отырып,  мемлекеттік органдарда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Николай Галихин ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігіндегі қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік органдарда лауазымды атқару құқығынан 3 жылға айырып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ сот үкімімен Президентке сотталғандарды  барлық мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс берілді.

Үкім заңды күшіне енді. Істің құпиялылығына байланысты сот отырысы жабық өтті. 

Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2017 жылғы 12 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген ("Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету") қылмыстарды жасады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихин ұсталғанын хабарлады. 

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары