$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда сот орындаушылары сотталушының қарызын алу үшін оның әйелінің көлігін сатып жіберген

Алматыда жемқорлық үшін сотталған тұрғынның қарызын өндіру үшін сот орындаушылары оның әйелінің көлігі мен жерін сатып жіберген. Бұл туралы қалалық Әділет депатраментіндегілер мәлімдеді.

Олардың айтуынша, 2015 жылы аматалық шенеуніктердің бірі жемқорлық бабы бойынша сотталған. Алайда, сот оны бас бостандығынан айырмай, оның орнына 20 миллион теңге көлемінде айыппұл салған. Айыпты азамат тура 1 айдың ішінде аталған айыппұлды төлеуі тиіс болыпты. Бірақ, белгіленген уақытта бұл қаражатты тауып бере алмағандықтан ер азамат 2015 жылдың желтоқсан айында үш күнге қамауға алынған.

"Мұнан кейін біз оған тиесілі мүліктің бар-жоғын тексере келе, атына ешқандай дүние жазылмағанын анықтадық. 2006 жылдан бүгінгі күнге дейін некеде екені белгілі болды. Әйелінің мүлкін тексеру барысында оның атында Mercedes-Benz S600 көлігі мен жер телімі бар екені анықталды. Бұл дүниені екеуі некеде кезінде сатып алған. Демек, көлік пен жер екеуіне де тиесілі. Нәтижесінде біз бұл мүлікке тыйым салып, оны бағалау үшін жеке компанияға бердік", - дейді Әділет департаментінің Бостандық ауданы бойынша аймақтық бөлімнің басшысы Ринат Нұрсейітов.

Оның айтуынша, сотталушының әйеліне аталған дүние-мүліктің 50 пайыздық құнын төлеп сатып алу ұсынылған екен. Алайда, әйел бұл ұсыныстан бас тартқан. Мұнан кейін мүлік сатылымға шығарлып, сатылымнан түскен ақшаның тең жартысы сотталушының әйеліне, қалған 2 миллион теңгесі мемлекеттің есебіне аударылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары