$ 447.4  477.55  4.76

Шымкентте Тоқтар Төлешовті тағы соттағалы жатыр

Мемлекеттің билігін құлатып, Қазақстанның президенті емес, жай ғана вице-президенті болғысы келген шымкенттік олигарх, "Шымкентсыра" АҚ-ның экс-директоры Тоқтар Төлешовтің үстінен тағы бір сот процесі жүреді. 10 шілде күні Шымкенттің Еңбекші аудандық сотында Төлешовті экономикалық қылмыстарға қатысты бар деген күдікпен тағы да соттамақшы деп жазады Otyrar.kz.

Төлешовке Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда, ол салық төлеуден жалтарып, бухгалтерлік есеп-қисапты қолдан жасаған, қаржылық есеп беру кезінде заңсыздықтарға барған, ірі көлемде пара берген деп айыпталуда.

Төлешовтен бөлек тағы 8 адам сотталып жатыр. Олардың үшеуі әйел азаматтар. Араларында Сыра зауытының бұрынғы қызметкерлері және ірі көлемде пара алды деп айыпталып жатқан шенеуніктер де бар.

Сот отырысына Тоқтар Төлешовтің өзі де қатысады. Процесс ашық түрде, орыс тілінде өтетін болады.

Еске салайық, мемлекетте төңкеріс жасап, билікті тартып алмақ болғаны үшін "Шымкентсыра" АҚ-ның бұрынғы директоры Тоқтар Төлешов былтыр 21 жылға сотталған болатын. Оған сондай-ақ, адам өлтірді, адам ұрлады, қарақшылықпен айналысып, қару-жарақ сақтады деген секілді ауыр айыптар да тағылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары