$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО тұрғындарын Сирияға жібермек болған "діндар" сотталып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық сотында әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған 27 жастағы жігіттің ісіне қатысты алғашқы сот отырысы болып өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Тергеу барысында жас жігіттің араб елдеріне болып, өз жағына тартқан адамдармен бірге Сирияда соғыспаққа әрекеттенгені анықталған. Бірнеше жыл бойы 27 жастағы Әбілқасым өзінің ВКонтакте парақшасы арқылы Таяу Шығыс пен Сирияда соғысып жүрген экстремистік топтарды қолдауға  және қасиетті соғысқа қатысуға шақырған. Сотталушы өзінің ұялы телефоны арқылы әлеуметтік желіге кіріп жүрген. Телефонның нөмірі арқылы ұсталған.

«ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, ол 256-бап 1-бөлігінде қарастырылған (терроризмді насихаттау) қылмысты жасаған», - дейді Әл-Фараби ауданы прокуратурасы прокурорының орынбасары Нұрлан Махадилов.

Сотталушының осы уақытқа дейін Сауд Арабиясы мен Ресейге шығып, ДАИШ сапына енуді жоспарлағаны белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта оның артында төрт баласы мен аяғы ауыр әйелі қалған.

«Одан барлық күдікті заттар тәркіленді. Айыптан жалтарып отырған жоқ. Оның әкесі де бір жылдан кейін түрмеден шығады. Ол да терроризмге шақырғаны үшін сотталған. Терроризмді насихаттау тоқтайтын емес», - дейді Сайрам аудандық сотының судьясы Салтанат Қабылова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары