$ 498.34  519.72  4.85

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты 31 қазанда басталады

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдаудың қашан өтетіні белгілі болды.

«Аталған іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне келіп түсті. Алдын ала тыңдау 2017 жылдың 31 қазанында сағат 10:00-де басталады», - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 10 қаңтарында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Ұлттық бюродан мәлім еткендей, ол бір топ адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деп айыпталуда. Бишімбаев Қызылорда қаласында шыны табақ шығаратын және өңдейтін зауыт салу кезінде «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 млрд теңге жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. 12 қаңтар күні Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты оны «қамауға алу» туралы санкция берді. Тергеу нұсқасы бойынша, Бишімбаев заңсыз жолмен алған ақшалай қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Бишімбаев Президенттің Жарлығымен 2016 жылдың 28 желтоқсанында министр қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымда сегіз ай жұмыс істеді. 2013 жылдың 30 мамырынан 2016 жылдың 5 мамырына дейін «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы болды.

Дереккөз: Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары