$ 494.87  520.65  4.91

Латын әліпбиін сынаған желі белсендісінің қылмыстық ісі тоқтатылды

Шымкенттік әлеуметтік желі қолданушысы Ардақ Әшімова үстінен қозғалған қылмыстық іс қысқартылды. Бұл туралы Әшімованың өзі айтып берді деп жазады Азаттық.

2017 жылы күзде Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы Facebook әлеуметтік желісінде латын әліпбиіне қатысты жазбасы үшін Ардақ Әшімованы сотқа берген. Істе қылмыстық құрам болмағандықтан қысқартылған.

«Облыстық ішкі саясат басқармасы желідегі блогерлер мен қоғам белсенділерінің жер мен латын әліпбиіне байланысты айтылған азаматтық пікірлеріне байланысты оларды қылмыстық жауапқа тарту үшін ішкі істер басқармасына жүгінуі нағыз қылмыс. Менің үстімнен қозғалған қылмыстық іс басқаларға сабақ болсын деп оған қоса қоғамда үрей мен қорқыныш туғызу арқылы ауыз аштырмау үшін жасалған деп есептеймін» дейді Әшімова.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі «Әшімованың ісінде қылмыстық құрам толық болмағандықтан тоқтатылды», – деді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары