$ 494.87  520.65  4.91

Грузия соты Саакашвилиді ақыры соттап тынды

Тбилиси қалалық соты Грузияның бұрыңғы президенті Саакашвилиді 3 жылға қамауға үкім шығарды. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды деп жазады Грузия Online.

Михаил Саакашвилиге қарсы іс екі жыл бойы қаралған болатын.
Айта кетейік, Саакашвили Грузиядан 2013 жылы кеткен болатын. Қазір ол Украинада.

Бұған дейін саясаткердің Киевте ұсталғаны хабарланған еді. Оны тұрып жатқан пәтерінен алып кеткен. Таңғы уақытта Саакашвилидің үйінде тінту жүргізіліп, мұнан кейін көпқабатты үйдің шатырынан секіремін деп жақтастарын біраз әбігерге түсірген болатын. Кейін оны арнайы жасақтың алып кеткені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары