$ 447.4  477.55  4.76

Көксу тұрғыны мал ұрыларын танып қойғандықтан, бір көзінен айрылды

Мал ұрлығының үстінен түскенім үшін жазықсыз тепкінің астында қалдым деген Алматы облысының тұрғыны ауылдастарын сотқа берді. Тіпті ақиқатты айтқаным үшін аяусыз ұрғандар бір көзімді де шығарып жіберді дейді. Осылай деп моральдық шығынды 3 миллион теңгеге бағалаған жәбірленуші тарап істі соңына дейін жеткізбек. Алайда айыпталушы орындығында отырған азамат ақпаратты жалған дейді деп мәлімдейді 31 арна. 

Мал ұрлығының үстінен түскенім үшін бір көзімнен айырылдым деген Сайлау Мүсәпіров өзін екі азаматтың аяусыз ұрғанын айтады. Осы оқиғадан соң бірнеше рет қысқартылып, қайта қаралған іс енді сотқа жетіпті. Алайда айыпталушы орындығында бір адам ғана отыр. Себебі, бір күдіктіге жәбірленуші өз кешірімін беріпті.

«Мен оны соттатайын деп тұрған жоқпын. Бірақ күнде сыйласып, күнде бірге жүрген жігіттің мынандай жасағаны сұмдық.  Материалдық шығын 3 миллион теңге сұраймын. Мен қаншама шығын шығардым», – дейді жәбірленуші Сайлау Мусапиров.

Күдіктінің үстінен «адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» бабы бойынша  қылмыстық іс қозғалған. Қазір сотталушы үйін кепілдікке қойып, бостандыққа шығыпты. Алайда айыпталушы жәбірленушінің айтқан сөздері  «жала»  дейді. Тұрақты жұмысым, айлық табысым болғандықтан аяқ астынан күдіктіге айналдым деп күйінеді. Тіпті сол қылмыс болған күні ол жұмыстан үйге келіп, демалып жатқанын айтады. 

“Мен егер істесем, мойындайтын едім. Мен істемеген затымды қалай мойындаймын. Бұның ойы ақша сұрау, үйреніп алған. Осымен төртінші рет жала жауып тұр. Следактар ештеңе істеген жоқ. Ауылға келіп допрос, мал сойған жерден ештеңе істеген жоқ. Отырып алды да ойындағысын маған келіп жаба салды”, –  дейді күдікті Жеңіс Естаев.  

Жәбірленушіні оқиға болған күні соңғы рет көрген куәгерлер оның қос жанарының аман болғанын айтады. Ал Сайлаубек ащы суға құмар деген ауылдастары ол өзгеден емес, туған бауырларынан таяқ жеді деп күдіктенеді. Бір көзін ағызып жібергендер де солар деп топшалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары