Астанада Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Кешегі өткен отырыста экс-министрдің әлдебір бикешке үй әпергені сөз болды деп мәлімдейді КТК арнасы.
Бірақ бұл қыруар қаржы адал еңбекпен келген дейді Бишімбаевтің өзі. Тіпті, экс-министр Қосшы ауылындағы зәулім коттеджді салуға шотындағы 273 миллион теңгенің бір бөлігін жұмсапты. Тек, бұған прокурорлар күмән келтіріп отыр. Өйткені, Бишімбаевтың әр тиынын санаған тергеушілер, экс-министрдің тапқан табысынан гөрі, шығыны көп болғанын анықтапты. Мәселен, ұсталмай тұрып, экс-министр Астандаға кілең байлар тұратын ауданнан әлдебір бикешке қымбат пәтер сатып әперген. Сондықтан, экс-министрдің сауна мен элиталық баспанаға ақшаны қайдан алғаны қызықтырып отыр. Алайда, бұл сұрақ Бишімбаевтың тағы шамына тиді.
«Самрұқ қазына» мен «Бәйтеректен» түскен 420 мың доллар көлеміндегі бонус жайлы қылмыстық іске келісемін. Оның 200 мың доллары Әлібаеваның Миланский кварталдағы үйін сатып алуға жұмсалды. Ал қалған сома шоттан 2016 жылы шешілген. Сонда монша салуға қаражатты қайдан алдыңыз?», – деп сұрақ қойды прокурор Бишімбаевқа.
«Егер қарсы тарап мені қалай болғанда да кінәлі қылуға тырысса, әрине, олар қазір тағы бірнәрсе ойлап тауып отыр. Мұның менің ісіме түк қатысы жоқ және прокурордың таққан айыбына келіспеймін. Егер шын мәнісінде не болғанын білгілеріңіз келсе, онда жеке отырып сөйлеусе мүмкіндік беріңіздерші», – деп жауап берді Қуандық Бишімбаев сот залында.