$ 498.34  519.72  4.85

Өгей қызына азғындық көрсеткен педофил 10 жылға сотталды

Қызылордада өгей қызына қол жүгіртіп, азғындық көрсетті деп айыпталған Нұрлан Рахиев алдағы 10 жылын түрмеде өткізуі тиіс деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Алайда бұл жазамен оның жақындары келіспей отыр. Сондықтан істі қайта қарату үшін апелляцияға арыз бермек. Педофилдің туыстары осыған дейін де тергеу қапасында жатқан Нұрлан Рахиевке келіндерінің жала жауып, баспанасын тартып алмақ болғанын айтып, араша сұраған. Бірақ тергеушілер 33 жастағы азаматтың өгей қызына азғындақ жасағанын тергеу барысында толық дәлелденгенін жеткізді. Негізі, Рахиев қызды зорламаған. Бірақ қол жүгіртіпті. 11 жастағы Ақгүлдің дене мүшелерінің сау екені сараптамада да дәлелденіпті. Тек жеткіншік анасына өгей әкесінің әуретті жерін екі рет ұстатқанын айтып берген екен. Рахиевтің өзі мұны сол күйі мойындаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары