$ 494.87  520.65  4.91

З.Балиева: "зорланды" деген бала басқа жаққа көшіп, басқа мектепте білім алады

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева кеше Шымкентке барып, "зорланды" делінген 7 жасар баланың өзімен және әжесімен кездескен болатын. Депутаттың айтуынша, 1-сынып оқушысының жағдайы қазір жақсы. Жақын күндері ол Астанаға барып, арнайы мамандардың сараптамасынан өтеді.

Балтиева кішкентай баланың анасын да тауып, онымен де сөйлескенін айтып отыр. Алматыда жұмыс істеп жүрген әйел Астранаға келіп, экспертиза кезінде баласымен бірге болады екен.

"Мен қазір баланың қауіпсіздікте екеніне көзім жетті. Ол қазір менімен бірге, әжесі мен әпкесі де жанымызда. Біз ұзақ уақыт бойы анасын таба алмай әзер таптық. Ол да келуге келісті. Біз баршамыз Астанада жолығатын болдық. Бұлар ертең менімен бірге ұшып кетеді. Қазір бала демалуы үшін оған барлық жағдайларды жасауымыз керек. Өйткені, қосымша экспертиза өткізу оған ауыртпалық салуы мүмкін", - деді Зағипа Балиева.

Оның айтуынша, баланың өзі де, оның жақындары да мемлекеттің қорғауына алынып, алдағы уақытта баспанамен және жұмыспен қамтылатын болады.

"Баланың отбасындағы мүшелердің бәрі жұмысқа тұра алады, анасы да. Оларға баспана беріледі. Баланың өзі басқа мектепке барып, жаңа достар табатын болады. Біз оған қауіпсіздікті тек қазір емес, болашақта да қамтамасыз етуіміз керек. Өйткені, бұл баланың болашағы бар. Біз қазір әжесімен сөйлестік, олар ауылдан көшуге дайын екендіктерін айтты", - дейді балалар омбудсмені.

Айта кетейік, кеше 7 жасар бала мен әжесі Алматыға тәуелсіз экспертизаға бару үшін Шымкент вокзалынан пойызға отырмақ болған сәтте оларды бірнеше полицей ұстап алып, ішкі істер басқармасына жеткізген болатын. Зағипа Балиеваның айтуынша, тәуелсіз срапатамадан өту дәл бұл жағдайда заңсыз болып есептеледі екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары