$ 494.87  520.65  4.91

Оралдық журналист Әблязовтың экстремистік ұйымын насихаттады деп айыпталды

19 наурызда Оралдағы "Уральская неделя" газетінің редакциясына полиция келіп, басылым қызметкері Ақмарал Шаяхметованы алып кеткен деп жазады Азаттық.

Журналистің айтуынша, полиция оны Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде апарып, "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын әлеуметтік желіде насихаттап, қолдағаны үшін ескерту беріп, босатқан.

Шаяхметова бірнеше күн бұрын "жергілікті видеоблогер Асқар Шайғұмаровты ҚДТ қозғалысын қолдады деген желеумен полицияға шақыруына қарсылық" ретінде жазба жариялаған айтады.

Шайғұмаров 16 наурызда видео жариялап, Қазақстан бас прокуратурасының ҚДТ қозғалысын экстремистік ұйым деп тануын сынаған. Осы видеодан кейін оны полиция шақырып, ескерту жасаған.

16 наурызда Қазақстанның түкпір-түкпірінде бірнеше адам жергілікті прокуратура тарапынан қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязов құрған ұйымды қолдамау туралы ескерту қағазын алған.

Қазақстан бас прокуратурасы 13 наурызда Мұхтар Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын экстремистік деп танып, қызметіне ел аумағында тыйым салған.​

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары