$ 494.87  520.65  4.91

Жай ғана пәтер ғой: Алагөзов өзін сотқа берген ұлына жауап берді

Баян Алагөзованы күйеуінен ажырастырып, өзі де отбасын тастап продюсерге үйленіп алған Тұрсын Алагөзов өзін сотқа берген ұлына жауап берді.

«Саған деген кек жоқ менде. Уақыты келгенде бәрін түсінерсің. Сенің қиналғаныңды қаламас едім. Әрқашан да көмек қолымды созуға әзірмін. Сені әлі де жақсы көремін. Бұл жай ғана пәтер. Ар мен ұяттан жаралған адам бұлай жасамаса керек-ті. Осыны ұмытпа», – деп жазады  Тұрсын Алагөзов өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, 7 наурыз күні Алматы қаласы Бостандық ауданының сотына Тұрсынғали Алагөзовтің атына ұлы Арсен Алагөзовтен арыз түсірген. Арсен Алагөзов сот орындаушыларынан пәтерлерінде тұрып жатқан әкесі мен жанындағы адамдарды қуып шығуын талап еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары