Бұған дейін қазақстандық рэпер Жан Ахмадиевтің Алматыда Сейфуллин көшесінің бойындағы жеңіл жүрісті үш бойжеткенді қамшымен сабағаны туралы хабарлаған болатынбыз. Енді әншінің өзі жауапқа тартылуы мүмкін. Sputniknews.kz порталының мәліметінше, бұл видеоны қазір полицейлер тексеріп жатыр екен.
Бейнежазбада Ахмадиев қаланы аралап жүріп, жолдың шетінде тұрған жезөкшелермен сөйлеседі. Әңгіме барысында ол кенеттен қамшы алып шығып, қыздардың бірін сабай бастайды.
Полиция бұл видеоға қатысты пікір білдірді.
"Аталған дерек бойынша әзірше арыз түскен жоқ. Видеоны тексеріп жатырмыз", — деді Алматы ішкі істер департаменті өкілі Салтанат Әзірбек.