$ 494.87  520.65  4.91

7 жасар бала ісімен айналысқан адвокат Азанов өз өміріне қауіп төнгенін айтты

ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы зорландым деп шағымданған 7 жасар баланың қорғаушысы болып жүрген заңгер Бауыржан Азанов белгісіз біреулерден қорқыту хатын алғанын айтты. Хатты оның көлігінің терезесіне қыстырып кеткен екен.

Хат орыс тілінде және бірнеше қатемен жазылған. Онда іске тағы араласса арты жаман болатыны ескертілген.

«Дәл қазір, сағат 08:05-те қорқыту хатын көлігімнің терезесінен тауып алдым, бұл маңға келіп түнеуім алғаш рет. Бұл хатты жазған адам менің бұл жерде, Астананың діл осы ауданында қонатынымды алдын ала білмеген, демек менің артымнан аңдыған. Кеше қалада жүргенімде артымнан біреудің аңдығанын сезгендей болдым, бірақ мән бермеп едім. Бұл осымен екінші рет болып отыр. Алғаш рет 2017 жылдың 25 қазанында біреу қорқыту хатын жазып жіберген болатын», - деп жазды Азанов өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, сарыағаштық 7 жасар баланың әжесі наурыз айының басында жергілікті БАҚ өкілдері арқылы өз жанайқайын жеткізген болатын. Басылымға шыққан мақалада ол 1-сыныпта оқитын немересін көрші мектептің 7-8 сынып оқушылары бірнеше айдан бері зорлап келе жатқаны айтқан. Сондай-ақ, әжей полицияға да, мектеп басшыларына да жазған арызы қаралмай, олардың істі жылы жауып тастағысы келгенін де мәлімдеген еді. Артынша мектеп директорының қайынатасы жергілікті депутат екені, қайнісі ОҚО ІІД-де Криминалды полиция басқармасының басшысы екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары