$ 494.87  520.65  4.91

Шетелдікке тұрмысқа шыққан келіншектің балаларын әкесі тартып алды

Кипрде қазақстандық Альфия Фатихованың балаларының тағдыры шешілді. Жергілікті сот 3 жасар Рафаэля мен 4 жасар Христалениді әкесіне қалдыратын болып шешті. Енді балалар Кипр азаматы болады деп мәлімдейді 31 арна.

Альфия күйеуінен кеткеннен кейін балаларын алып Қазақстанға қайтпақшы болып еді. Бірақ сот оған рұқсат бермеді.

Альфия Фатихова Кипр азаматымен көңіл жарастырып, сонымен бірге көшіп кеткен. Оның айтуынша, күйеуі үйленгеннен кейін өзгеріп кеткен. Ол ішімдікке салынып, балаларын өзімен бірге алып кеткен. Альфияның балаларын көмегеніне жарты жылдан көп уақыт өткен. Ол күйеуінің ішіп келіп өзін зорлағанын айтты. Қазір ол жүктіліктің алтыншы айында. Альфия полицияға арыз жазған. Бірақ олар күйеуіне ешқандай шара қолданбаған. Сотқа да арызданған. Одан да, ешқандай нәтиже болмаған.

Альфияның әпкесі Ольга оған қолдау көрсетпек болып Кипрге барған. Оның Кипрдегі қыздарды қорғайтын халықаралық қоры бар екен. Олар желіде пайдалы жазбалар мен шетелдің заңдарын жариялап отырады.

Қазақстанның СІМ бұл іске күзде араласқан. Бірақ, олар соттың шешіміне араласа алмайды екен.

“Барлығын Кипр соты шешеді. Біздің консул тек құқықтық қолдау білдіре алады”, – дейді ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілі Әнуар Жайнақов.

Енді Альфияның бір ғана таңдауы бар – арызын кері алып, балалары үшін күйеуіне қайтып бару.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары