$ 448.15  483.46  4.86

Ақмола облысында жүргізуші өлі итті көлігіне байлап сүйреген

Ақмола облысының полицейлері өлі итті көлікке байлап сүйреген бейнежазбаны анықтап жатыр деп мәлімдейді Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Көлік жүргізушісінің өлі жануарды сүйреп бара жатқан видеосы Instagram-парақшасындағы «Клуба добряков» тобында жарияланған. Автор видеоның Астана қаласында түсірілгенін айтқан. Алайда, оқиға Ақмола облысының тас жолында болғаны анықталды.

«Аталмыш видеоға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Көліктің кімнің иелігінде екені жақын арада мәлім болады» – дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полицейлер көлік иесін анықтаған жағдайда оның жазасыз қалмайтынын айтып отыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары