$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Ratel.kz пен Forbes Казахстан порталдарының қызметкерлері ұсталып жатыр

Алматыда Ratel.kz пен Forbes Казахстан ақпараттық агенттіктерінің басшылары мен журналистері ұсталды. Бұл туралы Ratel.kz порталының Facebook-парақшасында жазылған.

"Біздің редакциядан құжаттар мен компьютерлерді алып кетті. Бас редактор Марат Асипов, оның орынбасары Сапа Мекебаева және шолушы-редактор Анна Калашникова ұсталды. Форбс редакциясында бас редактордың орынбасары Александр Воротилов ұсталған. Еске салайық, Ratel.kz пен Forbes Казахстан порталдары Зейнолла Кәкімжановтың арызы бойынша қозғалған іске қатысқан болатын", - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін түске дейін Форбс порталының бас редакторы Асқар Аукенов редакцияда тексеру жүріп жатқанын мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары