Жамбыл облысында мешітке шабуыл жасалды. Алла үйінің астан-кестеңін шығарып, терезелерін талқандаған деп жазады 77news.kz.
Алладан қорықпаған бас бұзарлар киелі кітап құранды шашып, аяққа таптаған. Есік, терезелерін, мешіт мүлкін әбден талқандаған. Алайда ұрлық дерегі байқалмаған.
Бұл — Қордай ауданында сәрсенбі күні болған оқиға. Ал кеше Алла үйін қиратқан қарақшы ұсталды. Мешіттің астан-кестеңін шығарған күнәһар Шу ауданы Жданов ауылының тұрғыны болып шықты. Ол бұзақылыққа барғанда ішімдікке сылқия тойып алған көрінеді.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Арақтың арбауында мешітке асыр салған қылмыскер ісі сотта қаралатын болады.