$ 494.87  520.65  4.91

Мә, саған танымал болғың келсе: Жігіт тікелей эфирде отырған көңілдесін атып тастады (ВИДЕО)

АҚШ-та 27 жастағы Ранита Уильямсты көңілдесі Facebook-парақшасындағы тікелей эфир кезінде атып тастады. Қыз аурухана жетпей, жедел-жәрдем көлігінде қаза тапты деп хабарлады Life.ru.

36 жастағы Джонатан Робинсон мен Уильямс тікелей эфир кезінде сөзге кеп қалады. Видеода жігіттің қыздан кешірім сұрауын өтінгені анық естіледі. Алайда айтқанын істете алмаған ер адам сүйіктісін достары мен жақындарының көзінше «Мә, саған танымал болғың келсе» деп тапаншамен атып тастайды.

Ранита Уильямсты жедел-жәрдем көлігі дереу алып кеткен. Алайда, қыз бала көп қан жоғалтып, жолда қайтыс болды.

Жергілікті полиция қылмыстық іске күдіктіні тұтқындады. Дәл қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары