$ 494.87  520.65  4.91

Сот Ермегияевтің мүлкіне тыйым салды

Сот Талғат Ермегияевтің мүлкіне тыйым салды, - деп хабарлайды Skifnews.kz Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылдың 18 маусымында Астананың №2 Алматы аудандық сотына Талғат Ермегияевтің мүлкіне, нақтырақ айтсақ, "Са-Бек" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 30 пайыз); "ТКМ" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 30 пайыз); "Глобус Алматы" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 50 пайыз); "ХОЗУ-Транс" ЖШС (іскерлік қатысу үлесі - 100 пайыз); "Рахат-АВТО" (іскерлік қатысу үлесі - 18 пайыз); "Глобус Астана" ЖШС-на (іскерлік қатысу үлесі - 50 пайыз) тыйым салуды санкциялау туралы өтініш келіп түсті", - делінген хабарламада.

Сот күдіктінің ҚР ҚК 176-бабының 4-бөлімінің "б" пункті бойынша сотталатын жағдайда мүлкін тәркілеу мүмкіндігі мақсатында өтінішті қанағаттандырды. 

12 маусымда Астананың №2 Алматы аудандық соты ҚР ҚК 176-бабы, 4-бөлімінің "б" пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету") бойынша бөтеннің мүлкін пайдаланды деген күдікпен Талғат Ермегиевті қамауға алу туралы қаулы шығарды. "Астана ЭКСПО-2017" бұрынғы басшысы қызметін пайдалана отырып, бөтеннің мүлкін бірнеше рет пайдаланғаны үшін айыпталып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары