"Әліби ісі" бойынша үшінші күдікті Арман Әбілтаев ұсталды.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жүргізу қызметкерлері мен елордалық ІІД-нің «Арлан» арнайы бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуымен болған жедел-іздеу шаралар кешенін өткізу барысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікті танылып, мемлекетаралық іздеуде болған 1980 жылғы Әбілтаев Арман ұсталды.
Астана қаласы полициясының ақпаратынша, қылмыстық қудалаудан ізін жасырған Әбілтаев А.Ш. сыртқы келбетін айтарлықтай өзгерткен.
Бұған дейін Астанада 24 жастағы жігітті соққыға жықты деген күдікпен кәсіпкер Қайрат Жамалиев пен оның жүргізушісі Анатолий Прибытков та ұсталды. Ал, үшінші күдікті Арман Әбілтаевке іздеу жарияланған болатын.
Қазіргі таңда Арман Әбілтаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.