Атырау қаласының үш тұрғыны Сирияға қарулы қақтығысқа қатысу үшін бармақ болды" деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлады Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратураның 23 маусымда таратқан ақпараты бойынша, облыстың құқық қорғау және арнайы органдары үш азаматтың "заңға қайшы әрекетінің" жолын кесіп, оларға "терроризмді насихаттаған", "Сирияға қарулы қақтығысқа қатысу үшін баруға дайындалған" деген күдік келтірген.
Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 256 бабының 2 бөлімі (терроризмді насихаттау), 24 бабының 1 бөлімі (шетелдік қарулы қақтығысқа қатысуға дайындалу), 259 бабының 1 бөлімі террористік немесе экстремистік іс-әрекет ұйымдастыру мақсатына адамдарды үгіттеу, дайындау немесе қаруландыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.