$ 494.87  520.65  4.91

Полицейлерге шабуыл жасаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Түркістан қаласында полицейлерді балағаттап, оларға күш қолданған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға 24 маусым күні қаланың басты көшелерінің бірінде орын алған. Жол патрульдік полиция қызметкерлері ереже бұзған жүргізушіні тоқтатып, құжаттарын көрсетуін талап еткен. Алайда, жүргізушінің өзімен бірге ешқандай тиісті құжаттары болмапты. Хаттама толтыру мақсатында полицейлер ереже бұзушыны өз көліктеріне отырғызған. Осы сәтте оның 27 жастағы әйелі келіп, полицейлерді жағадан алды. Күдікті әйел тәртіп сақшыларын балағаттауымен қоймай, оларға жұдырық ала жүгіргенін куәгерлердің бірі бейнетаспаға жазып, Интернетке орналастырыпты.

Айта кету керек, полицейлерге күдікті әйелмен бірге оның 25 жастағы інісі де күш көрсеткен.

Мән-жайды анықтау үшін полицейлер құқықбұзушылық жасаған үшеуін де ұстап, Түркістан ҚІІБ-на жеткізді. Тексеру барысында әйел өзінің аяғы ауыр екендігін, құрсағында 6 айлық бала бар деп айтып, тергеуден кетіп қалмақ болған. Алайда, тергеушілер медициналық анықтама сұрағанда, ол өзінің жалған ақпарат бергенін, яғни жүкті емес екендігін мойындады.

Қазіргі таңда әйел қамауда. Оның үстінен ҚР ҚК-нің үш бабы 380 «Билік өкіліне күш қолдану», 378 «Билік өкілін балағаттау» және 379 «Билік өкіліне бағынбау» жәйттері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл жәйт бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс бойынша ауыр емес қылмыстың санатына жататынын ескеріп, ондағы көрсетілген санкция екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

Айта кету керек жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облыс аумағында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен 187 жәйт тіркелген. Оның ішінде 131 жәйт сотқа жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары