Абай мен Саин көшелерінің қиылысындағы аталған мекеме бір көргеннен еш күдік туғызбайды.
Алайда полицейлер «Азық-түлік» деген маңдайша жапсырылған дүкеннің ішінде жезөкшелер ордасы жұмыс істеп келгенін анықтады.
Әкімшілік екінші қабаттағы бөлмелерді ақылы түрде жыныстық қызмет көрсетуге жалға беріп келген.
Тексеру барысында 16 жеңіл жүрісті бойжеткен ішкі істер органына жеткізілді. Олардың 4-уі Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген.
Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, 29 маусым мен 2 шілде арасындағы рейд барысында 22 бойжеткен участокке жеткізілді. Олардың 7-уі Абай көшесінде қызмет көрсетіп келген.
«Рейд барысында қаладағы барлық көңіл көтеретін орындар тексерілді. Ұсталған тұлғалардың көбі ҚР Көші-қон туралы заңнамасын бұзып келген шетелдік азаматтар болып шықты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы, полковник Таңат Назанов.