$ 494.87  520.65  4.91

Криштиану Роналду 8 жылға сотталуы мүмкін

Мадридтік «Реал» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп жазады Lentа.ru.

Басылымның мәліметінше, футболшының қорғаушылары 14,7 млн еуро көлемінде айыппұл төлегісі келген. Алайда құзырлы орган бұған келіспей отыр. Себебі, Испанияның салық агенттігі спортшыға 28 млн еуро төлеуін талап еткен. Егер талап 15 маусымға дейін орындалмаса, агенттік спортшыны сотқа беретінін айтып отыр. Егер іс сотқа жетсе, Роналду 2 жыл шартты жаза алады. Бұған келіспеген жағдайда ол 8 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.   

Айта кетейік, Испанияның салық агенттігі Кришниану Роналдуға «кәсібіндегі кірістер жайлы ақпаратты дұрыс бермеді» деп айып тағып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары