$ 494.87  520.65  4.91

Көлігімен адам қағып өлтірген Риддер қаласы әкімінің орынбасары қызметінен қуылады

Көлікпен адам қағып өлтірген Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев қызметінен қуылатын болды. Ал сол көлікте болған Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевқа тәртіптік кеңес мүшелері бұдан былай лауазымына лайықты болуын ғана ескертті деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бірақ кеңес отырысына осы оқиғаға қатысы бар шенеуніктер келмеді. Өйткені Құрманбаев тергеу абақтысында отырса, Өскеменнің әкімі іссапармен Астанаға кетіпті. Кеңестегілер Бауыржан Құрманбаевты жұмыстан шығару туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. Бірақ байтал түгілі бас қайғы болып жүрген ол, кінәсі дәлелденсе, 5 жылға сотталуы мүмкін. Ал Өскемен әкімінің Құрманбаевтың мас күйінде көлік жүргізуіне неліктен жол бергені жайлы тергеу құпиясына байланысты айтылмады. Істе көлеңкелі тұстар да бар. Себебі, жол апатынан кейін Өскемен әкімі сол көліктің рөліне отырып, оқиға орнынан із суытқан. Апаттан қаза болған 19 жастағы жігіттің әкесі Қуат Тұмабаевтың әрекетті жіті тексерілсін дейді.

Виктор Смольников, марқұмның әкесі:

- Менің ойымша, Өскемен әкімінің де қылмысқа қатысы бар. Біріншіден, көлік тізгініне мас адамды отырғызған. Екіншіден қарасақ, менің баламды Бауыржан Құрманбаев соққан болса, неге ол сол көліктің рөліне отырып із суытпақ болды? Сұрақ көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары