$ 448.15  483.46  4.86

Семейде ер адам 5 жасар қызды мазасын алғаны үшін өлтіріп тастаған

Бес жасар бүлдіршінді аяусыз соққыға жығып өлтірген Олжас Қаленовке қатысты сот ісі қаралып, оны 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде өтейтін болады деп жазады Altaynews.kz.

Бұл оқиға жарты жыл бұрын Семейде желтоқсан айында орын алған еді. Сол күні Олжас Қаленов өзімен бірге тұратын әйелдің кішкене қызы Айшамен үйде жалғыз қалады. Ішімдікке тойып алып, масайып отырған Олжас бүлдіршінді өлтіріп тастайды. Өзінің айтуынша, ауырып, анасын іздеген бала мұның мазасын алып жіберген екен. Сәбидің еркелігін көтере алмаған маскүнем оған 27 дене жарақатын келтірген. Оның ішіндегі екі ауыр жарақат баланың өліміне себеп болып отыр. Олжас Қаленов жылап тұрған Айшаны желкесінен ұстап, басымен қабырғаға соққан. Бассүйектің самай және желке бөлігінен алған жарақаттан қыз бала көз жұмады.

Сотта Қаленов кінәсін мойындамады. Дегенмен, сот оны 19 жылға соттап отыр. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары