$ 443.85  474.3  4.8

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі керек

23 шілде күні ОҚО прокуроры И.Ә.Имановтың төрағалық етуімен ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын талқылау және алдағы кезеңге қызметтің басым бағыттарын айқындауға арналған облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.  

Алқа жұмысына облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр, облыс прокуратурасы жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, облыс прокуратурасы аппаратының, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ОҚО бойынша басқармасының қызметкерлері, облыстың барлық қала, аудан прокурорлары және бейнеконференция байланысы режимінде қалалық және аудандық буындағы қызметкерлер қатысты.

Жалпы алқа мәжілісінде құқық қорғау және қадағалау қызметінің қол жеткізілген жетістіктері атап өтіліп, сонымен бірге байсалдылықпен жұмыс істеуді қажет ететін кемшіліктер мен қателіктер бойынша объективті және принципиалды баға берілді.

Облыс прокуроры атап өткендей, есептік кезеңде қадағалау органдарының басым жұмыстары жаңа қылмыстық процесс моделі жағдайында сапалы жұмысты ұйымдастыру, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталды.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша облыс прокуроры құқық қорғау және қадағалау қызметін одан әрі тиімді жетілдіру үшін ұйымдастыру-тәжірибелік шараларын тоқтаусыз жалғастыруға шаралар қолдануды тапсырды.

Прокурорлық қадағалаудың басым бағыттары бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді, негізгісі ретінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, қылмыстылықпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес, лаңкестікке және терроризмге қарсы іс-қимыл, қоғам және мемлекет мүддесін қорғау белгіленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары