$ 487.37  532.94  5.09

Тергеу Бергей Рысқалиевтің 71 млрд теңге жымқырғанын айтып отыр

Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына қатысты сот басталды деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Күдіктілер бұған дейінгі тергеуге шақыртылғанымен, олардың қашып жүруіне байланысты процесс сырттай өтеді. 

Айыпталушыларға ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мемлекет қаржысын ұрлады, арам ақшаны заңдастырды деген секілді барлығы 8 бап бойынша айып тағылған. Сырттай сотталып жатқандардың жалпы саны – 8. Олардың ішінде экс-әкімнің туған інісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты – Аманжан Рысқали және қос күйеу баласы Рүстем Әлбақасов пен Ерболат Ізбасаров та бар. Бұларды қазір 5 адвокат қорғауда. Қылмыстық іс 754 томнан тұрады. Бергей Рысқалиев пен оның басқа 22 сыбайласы жымқырды деген шығынның көлемі 71 миллиард теңге. Бұл іс бойынша айыпталғандарға 2014 жылы сот үкімі шығып, топтың көптеген мүшелері бірнеше жылға сотталған болатын. Қазір олардың алды жазаларын өтеп, бостандыққа шығып үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары