$ 489.06  536.21  5.05

Қазақстанда ішкі істер департаменттері полиция департаменті болып атауын өзгертті

Қазақстанда Ішкі істер департаменттері ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 637 қаулысына сәйкес Полиция департаменті болып өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап.

Бұдай былай мәселен, ҚР Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істер департаменті ҚР Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті болып аталады. Немесе ҚР ІІМ Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті ҚР ІІМ Ақтөбе облысының полиция департаментіне айналды. Осылайша, барлық облыстың департаменттері атауларын өзгертеді.

Сәйкесінше, республиканың түгел қалалық ішкі істер басқармалары мен аудандық ішкі істер бөлімдері полиция басқармаларына және полиция бөлімдеріне айналады. Сондай-ақ, ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті болып өзгертілді.

Айта кетейік, Президент Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажеттігін айтқан еді. Елбасы Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырды. Реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастауы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары