Заң 11.11.2018 сағат 13:28  296

ШҚО-да ер адам зейнеткер әйелді жарты сағат ішінде екі рет тонаған

Өскемен тұрғыны әйел адамды жарты сағат ішінде екі рет тонады. Айта кетерлігі, ол бірінші тонау кезінде ұсталып қалған екен. Жәбірленуші зейнеткер оны кешір салған деп жазады Altaynews.kz.

ШҚО-да ер адам зейнеткер әйелді жарты сағат ішінде екі рет тонаған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ұсталған азамат жуырда ғана түрмеден жазасын өтеп шыққан. Спирттік ішімдік ішіп алғаннан кейін 85 жастағы зейнеткер әйелді қарға итеріп жіберіп, қолындағы сөмкесін тартып алыпты. Алайда, сол маңдағы куәгерлердің бірі күдіктіні ұстап алып, сөмкені әжейге қайтарып берген. Қария болса қылмыскерді кешіріп, полиция шақырудан бас тартыпты.

Жазасыз қалған ер адам зейнеткерді үйіне дейін аңдып барып, пәтердің есігі ашылған сәтте әйелді тағы да итеріп жіберген. Жәбірленуші басын ұрып, жарақат алыпты. Күдікті болса сөмкені ақыры алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда, сөмкенің ішінен 1 келі пряник пен 1000 теңгеге жетер-жетпес ақша ғана шығыпты.

Бұл жолы әжей дереу полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, тергеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін оның ісін сотқа жолдады. Ал, №2 қалалық сот қылмыскерді 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар