$ 498.34  519.72  4.85

Сот жүйесі жетілдіріледі

Жезқазған қаласы ювеналдық сотының ұжымы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері қаузаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Дөңгелек үстел басындағы жиынды жүргізген Жезқазған қаласы ювеналдық сотының төрағасы Талғат Шакипов стратегиялық маңызы бар құжаттың әр басымдығына жеке-жеке тоқталып өтті.

– Елбасы Тәуелсіздік жылдарында атқарылған жұмысты қорытындылап, еліміздің жетістіктерін атай келе біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған отыз елдің қатарына қосылу екендігін атап көрсетіп, қазақстандықтардың одан әрі өмір сүру деңгейін арттыруға арналған жаңа тапсырмаларды жариялады. Елбасының мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі екенін атай отырып, стратегиялық құжат көптеген бағыттарды айқындап берді: халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, сот жүйесін одан әрі жаңғырту, мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес, формализм мен бюрократияны азайту және тиімді сыртқы саясат, – деген сот төрағасы аталған тапсырмаларды іске асыру мақсатында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғау қарастырылған, агроөнеркәсіп кешенін, болашақтың экономикасы бағыттарын дамыту, құқық қорғау органдарының сапалы өзгерістері және тағы да басқа маңызды мәселелер қарастырылғанын жеткізді.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың төртінші басымдығы сот жүйесін одан әрі жаңғыртуды көздейді. Сот жүйесін жаңғырту бойынша Елбасы Жолдауында үш міндет қойылған. Олар: сот жұмысының заманауи форматтарында және озық электронды сервистер енгізуді жалғастыру, сот жүйесінің сапалы дамуын және кадрларының жаңаруын қамтамасыз етіп, үздік заңгерлер судья болуға ұмтылатындай жағдай жасау қажет. Әсіресе, бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сот арқылы шешілетін дау-дамайды қарау кезінде түсінікті әрі болжамды сот тәжірибесі керек, сондай-ақ судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін жою қажет.

Соңғы жылдары қолға алынған сот жүйесіндегі реформалардың нәтижесінде бүгінде сот төрелігінің сапасы артып, істерді қараудың процессуалдық кезеңін бұзу азайды. Облыстық сотпен қатар Жоғарғы Соттың деңгейіндегі қадағалау сатылары қысқарып, аудандық соттың рөлі күшейіп, халықтың сотқа деген сенімі күшейіп келеді. Сонымен қатар, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сот тарапынан халықаралық стандарттарға сай барынша қорғалуда.

Қорытындылай келе, сот төрағасы еліміздің сот жүйесінің барлық қызметкерлеріне Елбасымен қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыла күш салу қажеттілігі жөнінде айтып өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары