$ 448.15  483.46  4.86

Алматы облысында кәсіпкерге төртінші рет қастандық жасалды

Алматы облысында қаңтар айында Lexus көлігі жарылған кәсіпкерге тағы да қастандық жасалынды. Белгісіз біреулер осымен төртінші рет оның көзін жоймақшы болған деп жазады NUR.KZ.

Ащысай ауылында орналасқан үйдің маңына белгісіз біреу жарылғыш зат тастап кеткен. Бомба таңғы бес уақытында жарылған. Оқиға кезінде үй ішінде екі кішкентай бала мен екі үлкен адам болған. Кәсіпкер ол кезде үйде болмаған. Анықталғандай ер адам жұмыс іс-сапарына кетіп қалған. Оған қоса, жарылыс кезінде Нұрлан Ахметовтың жұбайы да үйінде болмағаны анықталды.

"Маған қызым жылап хабарласты. Тез келуімді өтінді. Жарылыс болағынын айтып берді. Менде айтарға сөзім де жоқ болып тұр. Бұл менің күйеуіме және отбасыма қарсы жасалынған бірінші емес, төртінші қылмыс", - деді кәсіпкердің әйелі.

Айта кетейік, Нұрлан Ахметов кішігірім дүкен мен қоғамдық моншаға иелік етеді.

Бірнеше мәрте өміріне қауіп төнген кәсіпкер мұндай әрекеттердің орын алуына не себеп болғанын білмейтінін айтты. Ер адам ешкімнің жолын кесіп кетпегенін алға тартты.

Жергілікті тұрғындар осымен төртінші мәрте болған қылмыстық әрекеттерге жауапты адамдардың әлі де анықталмай жатқанына күйінді. Көпшілік бұлай жалғаса берсе, істің соңы адам өлімімен аяқталатынын айтып, өз қорқынышын жеткізді.

Ауылдық округтің әкімі қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы барларды іздестіру шараларын жүргізіп жатқанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары