Осы күнге дейін ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасында 50 мың адам сыбайлас жемқорлық үшін жазаланыпты.
Ең бір өкініштісі бұл тізім жыл сайын 3000 адамға толығып отырады екен. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов мәлімдеді.
«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасында 50 мың адам сыбайлас жемқорлық үшін жазаланды. Бұл адамдар енді ешқашан мемекеттік жұмыс істей алмайды. Әрбір жыл сайын тізім 3000 адамға толығып отыр. Қаншама бүлінген тағдыр, мемлекет оларды оқыту үшін қанша ақша жұмсады. Олар өз ісінің маманы болып қалуы қажет еді»,- деді Ж.Асанов. Оның ойынша, осындай қадамға іс-әрекеттерінде ашықтық болмауы әсер етеді.
Жақып Асановтың ойынша қазір парламентте қаралып жатқан «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» жаңа заң жобасы, басқаларды осындай қылмыс жасаудан сақтаудың бірдер бір жолы.