$ 494.87  520.65  4.91

Ахметов: Мен ешбір компанияны қамқорлығыма алған емеспін

Қарағандының бірқатар экс-шенеуніктеріне қатысты сот процесі өзгеше бағыт алуда. Экс-премьер-министр Серік Ахметов кешегі сот отырысында Қарағанды көшелерін жөндеген «Сталь-Цинк» фирмасына ешқандай қатысы жоқтығын мәлімдеді.

Туған ағасы мен ұлы кәсіпорынды басқарғанына қарамастан, айыпталушы бұл компанияны ешқашан қанатының астына алмағанын айтты. Ал тергеу органдары Серік Ахметовтің туыстарының бизнесін қолдау арқылы табыс тапқанына сенімді.

Тек бір ғана эпизод бойынша мемлекетке 95 млн теңге шығын келген, деп пайымдайды. Сот процесінде екі тараптың болжамдары мен дәлелдері талқыға салынды.

Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Алексей Шевченко Ахметовтің кінәсін дәлелдейтін мардымды айғақтар ұсына алмады. Судья сараптама кезінде өрескел қателіктерге жол берілгенін ескертті.

Мәселен, жарықтандыру бағандары мен декоративті металл бұйымдардың орташа бағасын анықтауда бір ғана компания тауарының құны есепке алынған. Оның үстіне, баға былтырғы болып шықты. Сондықтан қосымша сараптама жүргізу мәселесі айтылды.

Еске салсақ, бірқатар лауазымды экс-шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс шілденің аяғынан бері үздіксіз жүріп жатыр. Бұрынғы премьер Серік Ахметов кәсіпкерлікке заңсыз араласты, ірі көлемде пара алды, деп айыпталып отыр.

www.astanatv.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары