25 желтоқсан күні рейдтік шара барысында Қарағанды облысында ақбөкендерді қырып тастаған полиция капитаны ұсталды деп хабарлайды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдәхмет.
Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылынан 30 шақырым қашықтықта бұзылған жол талғамайтын 2 көліктен атылған 18 киіктің өлексесі шыққан.
«Іздеу барысында Ұлытау ауданы Алғабас ауылының учаскелік полициясы М. Ж. Бралиновтың қорасынан атылған 12 киік табылған.
Аудандық ІІБ бөлімінің капитаны Бралиновтың үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 337-бабы, 4-тармағы бойынша іс қозғалды», – дейді Сәкен Ділдәхмет.
Қазір оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін өзге де браконьерлердің бар-жоғы анықталып жатыр.