$ 494.87  520.65  4.91

«Көңіл-күйі болмады»: Жанар Толыбаева Денис Теннің қазасынан кейін Қапшағайға демалуға кеткен

Денис Теннің өліміне қатысты күдікті Жанар Толыбаева спортшының қазасынан кейін Қапшағайға демалуға кеткен. Бұл туралы сотта оның құрбысы Жайна Ізтілеуова айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Жанар Толыбаеваның құрбысы 2018 жылдың 19 маусымында достарымен бірге Қапшағайға демалуға кеткенін айтады.

«Мен Денис Теннің қазасы жайлы 1 күннен кейін естідім. Ол кезде Қапшағайда болғанбыз. Жанардың оған қатысы бар деп мүлде ойламадым. Ол да ештеңе айтпады.

Сол күні оның көңіл-күйі болмады. Бізбен бірге ішті, темекі тартты. Кешке қарай көңілі жайлана бастады. 

19 күні үшеуі үйге келді. Олардың көңіл-күйлері жоқ екенін бірден байқадым. Нұралының киімінен қан іздерін көрдім.

Олардың адам өліміне қатысы бар екенін полицейлер келген кезде бір-ақ білдім. Мені де тұтқындамақ болды. Бірақ менің бұл іске қатысым жоқ екенін дәлелдедім»,  – дейді Ізтілеуова.

Айта кетейік, Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары