$ 510.08  539.61  5.15

Бас прокуратура мүгедек балалардың қаржысы ұрланғанын анықтады

Мүмкіндігі шектеулі балалардың азық-түлігі мен материалдық қажеттілігі үшін бөлінген қаржының ұрланғаны анықталды деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Алматы қаласындағы психо-жүйке жүйесінде ақаулары бар мүгедек балалар Орталығының директоры мен бас есепшісі негізсіз түрде орталық қоймасынан 546 105 теңгенің азық-түлігін сызып тастаған. Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде.

Шымкенттегі арнайы балалар үйінде жалпы сомасы 3,9 млн теңге көлемінде қаржы жымқырылғаны белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеу ісінің нәтижесі бойынша, қойма меңгерушісі Саққұлиева шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды әлеуметтік төлеммен қамтамасыз ету кезінде қателіктер болғаны анықталды. Прокурорлық қадағалау арқылы мүгедек балаларға 3,9 млн теңге көлемінде жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер төленді.

Қостанай облысында 15 жетім балаға және мүгедек балаларға заң бойынша тиісті 1,6 млн теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемдері берілмеген. Атырау облысының Индер ауданында прокурорлық бақылау актісі бойынша 33 мүгедек балаға жалпы көлемі 900 мың теңге көлемінде тиісті әлеуметтік жәрдемақылары төленді. Дәл осындай фактілер Маңғыстау және Алматы облыстарында төленген.

Прокуратура тексерінің қорытындысы бойынша, мүмкіндігі шектеулі 3 129 баланың конституциялық құқығы қорғалып, 706 жеке тұлға жауапкершілікке тартылды. 11 қылмыстық іс қозғалып, 1 жеке тұлға түрмеге қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары