$ 494.87  520.65  4.91

Кеңесші, көмекші және баспасөз хатшысын ғана әкете алады

«Мемлекеттік қызметте қолға алынған жаңа механизм бойынша командалық ауысу тоқтатылып, тек кейбір саяси қызметкерлер үшін «кеңесшілерін, көмекшілерін және баспасөз хатшыларын» ғана өзімен бірге алып жүру рұқсат етіледі» дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Берік Бекжанов.

Департамент басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, бұл жөнінде Елбасы талай өткір сын­дарды алға тарта отырып, оны шешудің жолдарын да ұсынып келеді.

- Негізінен, бұл жердегі басты кемшіліктер қызметке қа­былдауда жатқан сияқты. Сондай-ақ қыз­мет сатысымен өсу үрдісі сақталмай­тын­дығы, соның салдарынан көптеген білікті қызметкерлер қызмет сатысымен өспей, бір орнында ұзақ жылдар бойы отыра бере­тін­дігі жасырын емес. Оның есесіне, басқа са­ладан келгендер бірден басшылық қызмет­ке орналасып алады. Бұдан басқа, жалақы төлеу жүйесінің әлі де жетілмегендігі және сыбайлас жемқорлық мәселесінің күрделі болып қалуы да өз шешімін күтуде, - деп атап өтті ОҚО бойынша Тәртіптік кеңес төрағасы.

Берік Айдарбекұлы , әсіресе, Президент үнемі сынға алып келе жатқан «командалық» ауысу үрдісі бәсеңсігені­мен, әлі де толық тоқтамағанын, егер бір лауазымды тұлға жоғарылай қалса, артынша «командасы» да біртіндеп келе бастайтыны жасырған жоқ.

Департамент басшысы орынбасарының пікірінше, ол кезде мемлекеттік қызметте са­бақ­тастық сақталмай, іс қалай болса солай жүргізілетіні өз алдына, әйтеуір бір кететі­нін білетін «команда» мүшелері өздеріне барынша жағдай жасап қалуға тырыса­тыны тағы рас.

Ал, мемлекеттік қызметте қолға алынатын жаңа механизм бойынша командалық ауысу тоқтатылып, тек кейбір саяси қызметкерлер үшін «кеңесшілерін, көмекшілерін және баспасөз хатшыларын» ғана өзімен бірге алып жүру рұқсат етіледі. Ал, қалған барлық ауысулар ашық кон­курстық тәртіппен ғана орын алатын бо­лады.

- Ұлт жоспарының 13 қадамында: «Жемқорлыққа қарсы кү­ресті күшейту, сонымен бірге жаңа заңна­малар әзірлей отырып, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құ­қық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру» қажеттігі көрсетілген. Бұл ұйым жемқорлыққа жол беретін ко­мандалық ауыс-түйісті болдырмауға және қызметтік іс-әрекет жетістіктерінің «жа­дын» сақтап қалу үшін қажет деп ойлаймын, - деді Б.Бекжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары