$ 494.87  520.65  4.91

Заң талаптарын түсіндіру жөнінде сабақ өткізілді

Мақтарал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын түсіндіру жөнінде сабақ өткізілді, деп хабарлайды ОҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Сабаққа Мақтарал ауданының ТЖБ және Мақтаарал аудандық №3 МӨСБ және №20,21,22 ӨСБ жеке құрамы қатысты. Мақтарал ауданы прокуроры көмекшісі Ж.Сарсенбаев өз алғы сөзінде сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік, экономикалық дамуға, ел болашағына қауіп төндіретін құбылыс екенін айтып өтті.

- Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады, - деп атап өтті Мақтарал ауданы прокуроры көмекшісі Ж.Сарсенбаев.

Ал, Мақтарал аудандық  ҚСжАЕЖБ-і аға прокуроры Қ.Қадырбаев: «Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғаш 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын қабылдап, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган құрды», - деді.  

Сондай-ақ аға прокурор сыбайлас жемқорлық Қазақстанның барлық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын мемлекетіміздің негізгі құндылығы – Тәуелсіздікке қауіп төндіретінгіне назар аударып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайлы қарамау керектігін атап өтті.

Сабақ барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Жемқорлықпен күресті әрбір азамат өзінен бастауы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары