24 ақпан күні полиция бөлімшесіне көшеде тәртіп бұзған мас ер адам жайлы хабар түскен деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлімшеге жеткізілген ер адам полицейге пара бермек болған. Алайда құқық қорғаушылар оның бұл әрекеті заңға қайшы екенін, сол үшін қылмыстық жауапқа тартылатынын түсіндірген.
Қазір көкшетаулық тұрғынның үстінен ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіп бұзғаны және пара бермек болғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Осы ретте құқық қорғаушылар тұрғындарды пара бермеуге ескертті. Қылмыс үстіне ұсталғандар бермек болған парасын 10 есе айыппұл есебінде төлейді немесе 3 жылға бас бостандығынан айрылады.
Дереккөз: NewTimes.kz