Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мектеп пен балабақшаларда алдын-алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісінің балаларға қарсы күш қолданып жатқаны туралы видео тараған болатын.
Бұл оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында Бадамша ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында болған. Оқиғадан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылып, балабақша меңгерушісі тәртіптік жазаға тартылған.
«Сонымен бірге, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин полиция департаментіне аталмыш мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Ал білім басқармасына және аудан әкімдіктеріне мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін облыстың барлық мектеп және мектепке дейінгі мекемелерінде барлық қажетті шараларды қабылдауға, тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды» делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, болған оқиғаның барлық мән-жайын нақтылау үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша алдын ала тергеу жұмыстары басталды.