$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда ер адам өзіне массаж жасаған әйелді зорлап тастады

Алматыда алкогольді ішімдікке тойып алған ер адам өзіне массаж жасаған әйелді зорлап, тонап кетті деп xабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. 

«Масайған ер адам интернеттен массаж қызметі жайлы ақпаратты тауып, әйелдің мекен-жайына барған. Массаж жасап біткен әйел одан келісілген 10 мың теңгені сұраған. Ер адам осы кезде ас үй пышағын әкеп қорқытқан. Әйелді зорлаған және денесіне пышақ жарақатын салған. Ақша талап етіп, қалтасындағы Iphone 7+, samsung телефондарын алып, есігін сырттан кіліттеп қашқан. Келтірілген жалпы шығын 500 мың теңге. 

Қылмыскер кінәсін мойындады. 6 жылға бас бостандығынан айрылды», - деп жазылған Алматы қалалық сотының ресми сайтында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары