Атырау полициясы ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында қаладағы Көкарна, Көктем, Балауса, Жұлдыз, Ақсай, Геолог, Тасқала ықшамаудандарындағы тұрғын үйлерде орын алған ұрлықтарға қатысты 2 азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Баукеспелерге қатысты 18 қылмыстық іс қозғалды.
«Жәбірленушілерге барлығы 5 млн 522 мың теңге көлемінде шығын келтірілген. Ұрлық көбінесе пластик терезелерді «ығыстыру» әдісімен жасалған. Ал кезекті ұрлыққа барған екеу тұрғын үйлердің бірінен 2 қаруы бар сейфті көтеріп әкеткен.
Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-тің 291-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Ұрлық фактісіне қатысты тергеу ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімімен жүргізілуде»,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.