$ 448.15  483.46  4.86

Дүкенді тонамақ болған жасөспірім терезеге қысылып қалды

Оқиға Сокулук ауданы Новопавловка аулында орын алған. Жасөспірім ауылдағы азық-түлік дүкендерінің бірін тонамақ болыпты, деп хабарлайды Stan.kz Шу аудандық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер басқармасының мәліметінше, дене бітіміне мән бермеген жасөспірім дүкеннің кішкентай терезесіне қысылып қалған. Сол жерде оны милицонерлер байқап қалыпты.

Оқиғаға қатысты 15 және 16 жастағы екі күдікті ұсталды. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 39-200-бабы (Ұрлауға оқталу) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі өндіріс басталды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары